Қарағандыда құтқарушылар тауда адасып қалған әйелдерді тапты

Құтқарушылар Бассейн көліне бағыт алған екі турист әйелді қауіпсіз жерге жеткізді

Қарағандыда құтқарушылар  тауда адасып қалған әйелдерді тапты
Фото: ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

Қарағанды облысының Қарқаралы тауларында адасып кеткен екі турист әйелді құтқарушылар тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 1973 және 1978 жылы туған екі әйел іздестірілген. Олар Бассейн көліне қарай бет алып, жолдан адасып қалған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткен. Туристер берген координаттар мен байланыс ақпаратының арқасында демалушылар тез табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

Сонымен қатар Алматы тауларында Оңтүстік Кореядан келген 73 жастағы туристі іздеу жұмыстары бір аптаға жуық уақыттан бері жалғасып жатыр. Іздеу шаралары әлі де жүргізілуде.