Бүгін, 11:14
Оқиғалар
Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталып кетті
Ол сыбайласымен бірге ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен судья Серік Бертай 9 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, оларға қатысты сот үкімі 18 қыркүйек күні шықты.
«Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Нақтырақ айтқанда, олар биыл қаңтар айында ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ҰҚК қамауға алынған.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы