«Олар да ұсталады»: Каспийдегі ауыр қазаға қатысты күдіктілердің саны көбеюі мүмкін
Полиция қосымша тергеу жүргізіп жатыр
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Каспийдегі 14 сарбаздың өліміне қатысты істе күдіктілердің саны көбейетінін және олар да ұсталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бұған дейін полиция Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды қызметкерін жұмыс кабинетінде, қолдарына кісен салып, ұстап әкеткен еді. Сол ақпаратты толықтырған ІІМ күдіктілердің саны көбейетінін мәлімдеді.
«Іске қатысы бар басқа да тұлғалардың шеңберін анықтап, оларды ұстау мақсатында тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында ауа райы бұзылып, 17 сарбаз суға кеткен. Өкініштісі, олардың арасында 12 әскери қаза тауып, 3-еуі ғана құтқарылды. Қазіргі уақытта қалған сарбаздарды іздеу жұмысы жүріп жатыр. Оқиғаға байланысты Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу барысын ерекше бақылауына алды. Қорғаныс министрлігі көп ұзамай қаза тапқан сарбаздардың аты-жөнін жариялады. Қаза болған сарбаздардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды. Кейін соңғы екі сарбаздың денесі табылды.