«Екі қазақ қызы түсірген видео»: Маңғыстауда «құрт сатып отырған» әжені Adidas бренді жарнамасына шығарды (ВИДЕО)

Жоба авторлары - қазақ қыздары 

«Екі қазақ қызы түсірген видео»: Маңғыстауда «құрт сатып отырған» әжені Adidas бренді жарнамасына шығарды (ВИДЕО)
Фото: @aydana_medi

Қазақ жастары түсірген бейнеролик Instagram-да 1 миллионнан астам қаралым жинап, Adidas брендінің назарына ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жобаның режиссері – Айдана Меди, продюсері – Диана Меди. Шығармашылық топ бұл видеоны бастапқыда брендке арнайы түсірмеген. Олар қазақтың ұлттық нақышын заманауи street style элементтерімен үйлестіріп, роликті өз портфолиосы үшін әзірлеген.

Видео әлеуметтік желіде кең тарағаннан кейін Adidas командасының назарын аударған. Кейін бренд өкілдері қазақстандық авторларға жаңа топтаманың таныстырылымына арналған ресми контент жасауды ұсынған.

Жоба аясында түсірілген бейнероликтер мен фотосуреттер Adidas брендінің ресми жаһандық парақшасында жарияланды. Қыздар видеоны Маңғыстау облысында, соның ішінде, Ақтаудың 22-шағынауданын, Қызылтөбе және Дәулет ауылдарында түсірген.