Орал тұрғыны сапасыз мантоварка үшін сотқа жүгінді
Мантоварканың дұрыс жабылмайтыны анықталған
Оралда құны 80 мың теңгеге жуық мантоварка сапасыз болып шыққаннан кейін сатып алған бойжеткен сотқа жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 ақпанда облыс тұрғыны 79 990 теңге тұратын үш деңгейлі мантоварка (бу пісіргіш) сатып алған. Алайда тауарды пайдалану барысында оның қақпағы дұрыс жабылмайтыны және қамырдың қышқылданып кететіні анықталған.
Ол сатып алған жерге барып ауызша да, жазбаша да бірнеше рет жүгінгенімен, мәселе шешілмеген. Осыдан кейін департаментке шағымданып, кейін сотқа талап арыз берген.
Сот шешімімен сатып алу-сату шарты бұзылып, сатушыдан тұтынушының пайдасына 79 990 теңге өндірілді.