04.08.2020, 11:37
Оқиғалар
Шымкентте карантинге қарамастан жұмыс істеген ойынхана анықталды
Ол жерде компьютерлік ойын үшін жиналған бірнеше жасөспірім болған
Шымкентте Карантин уақытында клиенттерін қабылдап, жұмыс істеп тұрған ойынхана анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаһардағы Республика даңғылы, №12 А мекенжайында орналасқан «PS4» ойынханасының адамдарды қабылдап, жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл жағдай 2 тамыз күні сағат 16:45 шамасында тексеру кезінде белгілі болды.
Бұл жайт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
