Новости спорта, футбол, КПЛ

Атырауда жыл басынан бері 7 ұрлық жасаған азамат ұсталды

Күдікке ілінген азаматтың жасы 26-да

Атырауда жыл басынан бері 7 ұрлық жасаған азамат ұсталды
фото: polisia.kz

Атырау полицейлері азаматтардың жеке мүлкін қолды қылып, атап айтқанда, көпқабатты үйлердің пәтерлері мен жеке меншік офистерге, азық-түлік дүкендерге ұрлыққа түскен бірнеше күдікті анықталды.

Тексеру барысында күдікке ілінген 1994 жылы туған Атырау қаласы тұрғынының бір өзі жыл басынан бері бірнеше қылмыс жасағаны анықталды.

«Күдікті ұсталып, облыс орталығында болған жеті ұрлыққа қатысты бары анықталды, – деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Күдіктінің наурыздың 14-нен 15-не қараған түні Балықшы поселкесі Қалдаяқов көшесінде орналасқан дүкендердің бірінің терезесін сындырып кіріп, түрлі бұйымдарды ұрлағаны; маусымның 17-нен 18-не қараған түні Азаттық даңғылында орналасқан дәріхана терезесі арқылы ішке еніп, темір жәшіктегі 4000 теңгеден астам ақшаны ұрлағаны; шілденің 26-нан 27-не қараған түні Гурьев көшесіндегі азық-түлік дүкенінің терезесі арқылы кіріп, қымбат бағалы спирттік ішімдік, темекі, т.б. ұрлағаны; сонымен қатар, осындай тағы төрт қылмысты жасағаны анықталды.

Күдікті тергеу абақтысына қамауға алынып, оған қатысты тергеу-тексеру жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.