$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2020, 10:00
Оқиғалар

Түркістан облысында суррогатты алкоголь өнімін дайындап сататын тағы бір цех жойылды

Цехты тексеру барысында 2380 бөтелке «Пшеничная» алкоголь өнімі тәркіленді

Сондай-ақ 99 дана 5 литрлік пластик ыдыс, 775 дана 1,3 литрлік пластик ыдыс, 5000 дана металл қақпақ және 1200 литр спирт тәркіленіп алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«ҚР Қаржы Министрлігі, Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш қаласы тұрғыны ұйымдастырған 0,5 литр көлеміндегі сапасы күмәнді маркалар желімделген бөтелкедегі «Пшеничная» алкоголь өнімін, сонымен қатар құрамында спирт бар сұйықтықтарды 1,3 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйып дайындайтын астыртын суррогатты алкоголь цехын анықтады» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары