Павлодарда Қытайда жасалған 50 мың маска тәркіленді
Қымбат дәрі-дәмек үшін қайда шағымдануға болады?
23 шілдеде Павлодар қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Павлодар қаласы полиция басқармасының ЕҚҚІҚБ және облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісін анықтады.
«Атап айтқанда, жеке тұлғаның тиісті құжаттарсыз (тіркеу куәлігі, Ұлттық сараптама орталығының өнім қауіпсіздігі және сапа сертификаты және т.б.) Қытайда жасалған 50 мың медициналық масканы заңсыз сату фактісінің жолы кесілді.
Тексеріс кезінде анықталғандай, медициналық маскаларды өндірушілер Қазақстан үшін жасамаған және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиісті түрде әкелу және әкету ережелерін бұзу жолымен әкелінген. Аталған факт бойынша материалдар әкімшілік іс қозғау үшін Павлодар облысының ТҚСҚБД жіберілді», -делінген хабарламада.
Егер де Сіз дәрілік заттардың, маскалардың, қолғаптардың және басқа да жеке қорғану құралдарының негізсіз қымбаттауының немесе заңсыз сатылуының куәгері болсаңыз, Комитеттің – 8(7172) 70-84-78, Департаменттің –8 (7182) 61-33-05, 8 (702) 816-01-81 сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.