Шымкентте карантин режимін бұзған ойынхана мен мейрамханалар анықталды
Полиция департаменті қалада рейд жүргізді

Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған ойынхана мен мейрамханалар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«24 шілде күні сағат 22:35 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Шымкент қаласы Дулати көшесі №122 үйде орналасқан «Ықылас» кафесінің жұмыс істка жатқанын анықтаған. Сондай-ақ Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі рейдттік шара жүргізу барысында 24 шілде сағат 22:00-де Шымкент қаласының Сайрам көшесінің бойында орналасқан «КИНГ ХАУС» ғимаратындағы компьютерлік ойынхана жұмыс істеп тұрғаны анықталды», - деп жазылған ақпаратта.
Сонымен қатар рейдтік шара барысында «Сұлтан» кафесінің ішінде бір топ азаматтардың тамақтанып отырғаны анықталды. Осыған байланысты аталған заң бұзушылықтар бойынша жинақталған іс-құжат Әл-Фараби және Еңбекші ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына жолданды.