03.11.2019, 11:52
Оқиғалар
Таразда жоғалған оқушы қыз табылды
2002 жылы туылған Доғдырбай Асылжан 31 қазан күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын
Таразда жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 2 қарашада жоғалып кеткен Асылжан Доғдырбай табылды. Іздеуде жүрген оқушы қыздың Байзақ ауданы Мадимар ауылында болғандығы айтылған. Қазіргі уақытта ол ата-анасына жеткізілген», - делінген хабарлама.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысында 2002 жылы туылған Доғдырбай Асылжан Манатқызы 31 қазан күні сағат 12.00-де қыз үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
