02.11.2019, 04:20
Оқиғалар
Жамбыл облысында 17 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті
Жамбыл облысында 17 жастағы мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр
Бір күн бұрын ол Тараздағы үйінен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл облыстық полиция басқармасы 2002 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген 11-сынып оқушысы Асылжан Доктырбайды іздеуде. 31 қазанда сағат 12:00-де қыз үйден шығып, әлі күнге дейін оралмаған. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы ұзын қоңыр. Ерекшеліктер: төменгі ернінде мең бар», – деді полиция өкілдері.
Қыз ақ кеудеше, ақ кроссовка, қара шалбар киіп, қара сөмкесін асынған.
«Жоғалған қыз туралы ақпарат білетіндердің 8 (7262) 34-36-35, 99-75-05 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз», – деді полиция.
Көп оқылған
10.04.2026, 15:38
Алматы облысында 15 жастағы қыз баланы 8 ер адам екі ай бойы зорлаған: екі күдікті ұсталды
10.04.2026, 17:30
«Тапқанымыздан жоғалтқанымыз көп»: Ақан Оңғарұлы археология саласының біз білмейтін қырлары туралы айтты
10.04.2026, 10:48
Қызылорда облысының тұрғыны бір түйе үшін бес жылға сотталып кетті
10.04.2026, 13:59
Тоқаев өлген адамның ағзасын 24 сағат бойы «тірі» ұстап тұратын құрылғы бар екенін айтты
10.04.2026, 13:12
«Әдейі ерте айтып отырмын»: Тоқаев Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін хабарлады
10.04.2026, 11:30
Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар жауады