Ақтөбедегі түрме басшылығы балаларды «қонаққа шақырып», балмұздақ пен тәтті мақта таратқан (ВИДЕО)

Бұл – түрме қызметкерлерінің балалары

Ақтөбедегі түрме басшылығы балаларды «қонаққа шақырып», балмұздақ пен тәтті мақта таратқан (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өз ішіндегі барлық бөлімшелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларын «қонаққа шақырып», мереке ұйымдастырған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Балаларды қорғау күніне арналған жиынның видеосы қайырымдылық қорының әлеуметтік желісінде таралған еді.

Кейін редакция сауалына жауап берген ҚАЖД баспасөз қызметі бұл балалар – қызметкерлердің балалары екенін, ал, іс-шараның мақсаты – ата-ананың еңбегімен таныстыру екенін мәлімдеді.

«Іс-шараға 3 пен 15 жас аралығындағы 40-қа жуық бала қатысты. Кішкентай қонақтар үшін қызықты әрі танымдық бағдарлама дайындалды. ҚАЖД қызметкерлері балаларға Барон атты қызметтік итті көрсетіп еді, бүлдіршіндер қатты қызықты», - деп хабарлайды ҚАЖД баспасөз қызметі.

Балалар түрме аумағында балмұздақ пен тәтті мақта жеп, көңіл көтерген.