Өскеменде жол шетінде велосипед мініп бара жатқан 6 баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Жүргізуші қауіпті маневр жасаған 

Өскеменде жол шетінде велосипед мініп бара жатқан 6 баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

ШҚО орталығында жасөсіпірім велосипедшілерді жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 27 мамыр күні таңғы сағат 09:30 шамасында Ертіс өзені арқылы өтетін орталық көпірде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Avensis» маркалы автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамай, жол жиегімен кетіп бара жатқан велосипедшілер тобына соқтығысқан.

Апат салдарынан жарақат алған 6 кәмелетке толмаған жасөспірім медициналық көмекке жүгінді. Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін кінәлі тұлғаға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.