Жамбыл соты алтын шахтасына заңсыз кірген 20 жігіттің бәрін қамауға жіберді
Олар енді 15 күн изоляторда отырады
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты 28 сәуір күні осы аудандағы алтын өндіретін кәсіпорынның аумағына заңсыз кірген 20 жігіттің бәрін 15 күнге қамады, деп хабарлайды
Сот материалдарына сенсек, олар 28 сәуір күні түнде алтын шахтасына заңсыз кірген. Сотқа келген олар кінәсін мойындаған, бірақ, олардың арасында 9 адам бұл әрекеттерін бір жыл ішінде екінші рет қайталаған.
«Сот кінәні мойындауды және жасаған ісіне өкінуді жеңілдететін жағдай ретінде мойындады. 9 құқық бұзушыға қатысты сот осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауды ауырлататын мән-жайлар деп таныды. Сот қаулысымен 20 азаматтың бәрі кінәлі деп танылып, әрқайсы 15 тәулік мерзімге қамаққа алынды», - деп хабарлайды Жамбыл соттары.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.