19.05.2026, 18:00
Оқиғалар
Жетісу облысында құмар ойын ойнаған шенеунік лауазымынан айырылды
Оның әрекетін прокуратура «мемлекеттік қызметке кір келтіру» деп бағалаған
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
Жетісу облысы Ақсу ауданының прокуратурасы мемлекеттік қызметші бола тұра құмар ойын ойнаған бір адамды жұмысынан босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөз бұл адамның нақты қандай лауазымда болғанын хабарлаған жоқ.
«Ақсу ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында әдеп нормасын өрескел бұзған шенеунікті анықтады. Атап айтқанда, мемлекеттік орган қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарға қарамастан, құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды», - деп хабарлайды прокуратура.
Осылайша, прокурордың актісінен кейін ер адам лауазымын босатып беруге мәжбүр болған.
Көп оқылған
03.07.2026, 14:48
СҚО-да еңгезердей еркек 13 жасар қыз баланы қинап ұстап, зорлаған
03.07.2026, 13:11
Атырау облысында республикалық тасжолға ТЖМ ұшағы қонды (ВИДЕО)