19.05.2026, 18:30
Оқиғалар
Қазақстанның полициясы өзге елдерге 656 қылмыскерді ұстап берген (ВИДЕО)
Бұл – 2024 жылдан бергі көрсеткіш
Қазақстанның полициясы 2024 жылдан бері өзге елдердің құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген 656 адамды қолға түсіріп, құзырлы органдарға тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуінде белгілі болған.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, 2024 жылдан бері Орталық Азия елдері мен Қытайдың құқық қорғау органдары Қазақстанның сұрауына сай, шет елдерде бой тасалап жүрген 86 қылмыскерді іздеп тапқан.
«Ал, Қазақстан полицмясы серіктес елдерге іздеуде жүрген 656 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, ұстауға көмектесті», - деп хабарлайды полиция.
Көп оқылған
03.07.2026, 14:48
СҚО-да еңгезердей еркек 13 жасар қыз баланы қинап ұстап, зорлаған
03.07.2026, 13:11
Атырау облысында республикалық тасжолға ТЖМ ұшағы қонды (ВИДЕО)