17.05.2026, 22:24
Оқиғалар
Алматы – Бішкек тасжолында жоғалған ер адам үш айдан кейін өлі табылды
Ер адамның денесін жол құрылысшылары адам аяғы сирек баратын жерден тапқан
Фото: polisia.kz
Алматы облысының Жамбыл ауданында биыл ақпан айының басында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Lider.kz еріктілер ұйымы мәлімдеді.
1987 жылы туған Утеубаев Шыңғыс Иосифұлы 2026 жылғы 4 ақпанда жоғалып кеткен. Сол күні таңертең ол Жамбыл ауданындағы Алматы – Бішкек тасжолының 60-шақырымындағы тұрақта жеке заттарын қалдырып, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Белгілері: бойы 170–175 сантиметр, денелі, шашы қысқа әрі қара, көзі қоңыр.
Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесін 12 мамыр күні жол құрылысында жұмыс істейтін мамандар адам аяғы сирек баратын жерден тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Көп оқылған
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады