06.05.2026, 11:37
Оқиғалар
LRT станциясын дәнекерлеп жатқан адам оны өртеп ала жаздаған (ВИДЕО)
Абырой болғанда, қызметкерлер тұтанған мақтаны тез сөндірген
Фото: скриншот
Кеше, 5 мамыр күні түнге таман Астанадағы LRT станцияларының бірінде мақта тұтанып, түтін шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде таралып жатқан видеоға қарасақ, станцияның аумағынан қою түтін тараған. Редакция осы мәселеге қатысты Төтенше жағдайлар министрлігінен комментарий сұратқан еді.
«LRT станциясындағы құбырды дәнекерлеп жатқанда пластик құбыр мен оның ішінде жұмсақ материалға шоқ тиіп кетіп, 20 шаршы метр аумақ өртенген. Қызметкерлер өрт сөндірушілер келмей тұрып өртті сөндіріп алған. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ.
Естеріңізге сала кетейік, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жеңіл рельсті бұл пойыз мамырдың ортасына дейін жүреді деп үміттеніп отыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды