$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2020, 16:21
Оқиғалар

Алматы қаласында Грузия азаматы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

Ол 29,6 миллион теңгеден астам сомада табыс әкелген астыртын казино жұмысын жүргізіп келген

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 1991 жылы туған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Заңсыз ойынхананы қызметкерлер жедел-тергеу іс-шарасы барысында кала шетінен анықтады. Тергеу аясында қала тұрғынының Грузия елінің тумасы екендігі, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар екені дәлелденді. Ол аса ірі көлемде, 29,6 миллион теңгеден астам сомада табыс әкелген астыртын бизнес - электронды казино жұмысын жүргізіп келген», -делінген мекеме таратқан хабарламада.

Үй-жайды тексеру барысында ЭТД қызметкерлерімен 7 ойын терминалы, тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, атап айтқанда, ставкаларды қабылдауға, ұтыстарды есептеу мен беруге қолдау көрсететін онлайн ойындардың 39 компьютерлік техника қосымшалары тәркіленіп алынды.

«Сот үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлімі 2 тармағына (аса iрi мөлшерде табыс табу үшін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлайды Департамент.

Серіктес жаңалықтары