$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2020, 16:24
Оқиғалар

Шымкентте бұрынғы басқарма басшысы 52 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Бюджет ақшасын жымқыру күдігіне №1 қалалық клиникалық аурухананың бұрынғы бас дәрігері де ілікті

Шымкентте бұрынғы басқарма басшысы 52 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
фото: Батыржан Беспаев

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы мен «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ РМК-ің бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар 2019 жылы S-сыныпты оториноларинголог-дәрігердің жұмыс орнына арналған жабдықты қымбат бағамен сатып алу арқылы 52 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», - деп хабарланады.

Күдіктілер кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот шығарады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары