$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2020, 15:44
Оқиғалар

Үндістаннан келген дәрі-дәрмек Атырауға жеткізілді

Қазіргі кезде қалада 15 түрлі дәрі-дәрмек тапшы

Үндістаннан келген дәрі-дәрмек Атырауға жеткізілді

14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Атырауға медикамент тиелген жүк ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кеше мемлекеттің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізілген болатын. 3 тонна көлеміндегі препараттар Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл жетекізілді. Қазіргі кезде уақытша тапшы болып тұрған 15 түрлі дәрі-дәрмек дәріханалар желісіне таратылады. Өйткені, Атыраудағы емдеу мекемелері қажетті медикаментпен 94%-ға қамтамасыз етілген.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасымен аймақта дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше,  дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді», - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.

Дәріханаларға медикаменттерді жеткізу жұмысы бүгін басталады. Сонымен бірге, осы жұма күні медикаменттің тағы бір партиясы жүк көлігімен жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты жалғаса береді.

Серіктес жаңалықтары