$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2020, 15:30
Оқиғалар

Дәріні аса қымбат бағамен сатқан дәріхана қожайындары жауапқа тартылмақ

Алматы облысындағы дәріханалардың бірінде «Ингавирин» препараты 8 500 теңгеден сатылған

Алматы облысындағы екі дәріхана қожайыны дәрі-дәрмекті асыра көтеріңкі бағамен сатқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Іле және Талғар аудандарының полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың екі дәріханасында (Бесағаш ауылы, Өтеген Батыр ауылы) дәрілік препараттарды асыра көтеріңкі бағада сату фактілерін анықтады.

«Дәріхананың бірінде «Ингавирин» препараты 6 500 теңгеден, екіншісінде – 8 500 теңгеден сатылған. Алайда, дәрі-дәрмектің шекті бағасы 5640 теңгені құрайды. Дәрілерге қойылған бағаны заңсыз көтергені үшін дәріхана иелеріне қатысты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады. Сондай-ақ, өнімді тәркілеу және лицензияны қайтарып алу шаралары қарастырылған», - делінген комитет хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрілік заттарды қымбат бағамен сату фактілерін анықтау бойынша аумақтық рейдтік шараларды жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары