$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2020, 17:13
Оқиғалар

Алматыда көлік нөмірін ұрлап, иесінен ақша талап ететін топ әшкереленді

Олар көлік иесінен 10 мың теңге талап етіп отырған

Алматыда көлік нөмірін ұрлап, иесінен ақша талап ететін топ әшкереленді
фото: kolesa.kz

Бостандық ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері 33 қылмыстық жағдайға қатысы бар топты ұстады. Полиция басқармасының басшысы бұл әзірге тергеу барысында дәлелденген қылмыстар екенін, ұсталған азаматтардың құрбанына айналғандардың саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Бұл топқа 1994 және 1995 жылы туған үш жергілікті тұрғын кіреді. Олар «Орбита» және «Алмагүл» шағынаудандарында жүрген. Үйлердің ауласында тұрған көліктердің мемлекеттік тіркеуіш нөмірлік белгілерін шешіп алып, иесіне нөмірін 10 мың теңгеге сатып алуды талап еткен жазба қалдырып кетіп отырған. Сондай-ақ олар тек электронды ақша аударымдарын қолданған. Төлемді алған жағдайда көлік нөмірі жасырылған жерді иесіне хабардар еткен», – дейді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір күдікті үш азамат ұсталып, ҚР ҚК-тің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #қылмыс