$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 14:46
Оқиғалар

«Бәрібір бәріміз өлеміз»: Полиция департаменті әнші Кенталдың мәлімдемесіне жауап берді

Талғат Кенжеболатовтың полиция формасын киіп түсірген видеосы талқыға түсті

«Бәрібір бәріміз өлеміз»: Полиция департаменті әнші Кенталдың мәлімдемесіне жауап берді
фото: polisia.kz

Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг кезінде полиция қызметкері болып киініп, видеоүндеу жасаған әнші Талғат Кенжеболатовтың (Кентал) мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске ұшыраса, жүрегі ауырса, жұмыста, жанұяда қиындықтар туындаған болса…. Біреуді несие қинауы мүмкін. Уайымдамаңыз. Бәріміз бәрібір де өлеміз», - деген әнші Кентал видеоүндеуінде.

Арнайы тексеру жүргізу кезінде видео авторының жеке басы анықталды. Ол - әнші әрі актер Талғат Кенжеболатов (Кентал) болып шықты.

«Бұл пост полицияға қарсы халықтың наразылығы мен түсініспеушілігін тудырды. Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес деп хабарлайды. Т. Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі», - делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осы жағдайға байланысты әнші Кентал әлеуметтік желіде жауап беріп, оны 13 шілде күні полиция қызметкерлері үйінен алып кеткенін айтты. Алайда, әнші ол видеоның осыдан 4 жыл бұрын түсірілгенін, онда ешкімнің жеке басына тиіспегенін, елді бүлікке шақырмағанын айтып ақталды. 

Серіктес жаңалықтары