Новости спорта, футбол, КПЛ

Қазақстанда екі күнде 57 орман және дала өрті болды

ҚР ІІМ ТЖК азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды

Қазақстанда екі күнде 57 орман және дала өрті болды
Фото: баспасөз қызметінен

13 шілде күні елімізде – 29, ал 12 шілдеде 28 орман және дала өрті тіркелді. Қазақстанда күннің қатты ысуына байланысты өрт қаупі әлі де сақталады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«13 шілде күні Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында 29 өрт болды. Бұл өңірлердегі дала өрті 4538 мың гектар жерге созылды. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан және Қостанай облысында – екі, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында бес құрғақ шөптің жану оқиғасы бақылауға алынды», - деп жазылған хабарламада.

Ал 12 шілде күні Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 28 орман және дала өрті болды. Бұл өңірдегі дала өртінің аумағы 18 мың гектар жерді қамтыды. ҚР ІІМ ТЖК азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.