$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әзілдегім келді»: Петропавлдағы мектепке «қарулы шабуыл» жасамақ болған бала ұсталды

Ол бұрын осы мектепте оқып кеткен екен

«Әзілдегім келді»: Петропавлдағы мектепке «қарулы шабуыл» жасамақ болған бала ұсталды
Фото: istockphoto/ugurhan

Петропавлда полицейлер қаладағы оқу орындарының біріне қарулы шабуыл жасалатыны жөнінде көрінеу жалған ақпарат таратқан жасөспірімнің жеке басын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, оқушы Telegram-арна ашып, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалады деген мазмұнда хабарлама жариялаған.

«Ол сондай-ақ балалардан осы қауіптің алдын алу үшін ақша аударуды талап еткен. Ақпаратты жариялағаннан кейін ол бұл хабарламаны аталған мектептің оқушыларына мессенджер арқылы таратып жіберген. Анықталғандай, кәмелетке толмаған жасөспірім 2024 жылға дейін осы білім беру мекемесінде оқыған», - деп хабарлайды полиция.

Құқық қорғау қызметкерлеріне берген түсініктемесінде ол «әзілдегім келді» деп жазған. Полиция күдіктінің жеке басы анықтап, тергеу бастаған.