24.02.2026, 13:57
Оқиғалар
«Ата-анасы өзі түсіп қалады деп ойлаған»: Ақтауда бес жасар бала 50 теңгелік тиынды жұтып алып, үш күн жүрген (ФОТО)
Дәрігерлер баланың асқазанынан тиынды алып шықты
Фото: Lada.kz
Маңғыстаудағы көп салалы балалар ауруханасының дәрігерлері 50 теңгелік тиын жұтып қойған бес жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, баланың ата-анасы ауруханаға 21 ақпан күні келген. Олардың айтуынша, бала үш күн бұрын 50 теңгелік тиын жұтып қойған.
«Ата-анасы тиын баланың ішінен өзі түсіп қалады деп үміттенген. Бірақ, баланы рентген аппаратына түсіргенде тиын оның асқазанында тұрғанын көрдік. Сондықтан, бірден оны алып шықтық», - дейді дәрігерлер.
Бұдан бөлек, осы аурухананың дәрігерлері жаңғаққа қақалып, ол өкпесіне кетіп қалған баланы да аман-есен құтқарып алған.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 21:17
24 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды