«Бейнежазбада 21 орама көрінбейді»: Орал соты кінәсіз азаматты 7 жылға соттап жіберген
Кассациалық сот оның ісін тоқтатып, азаматты кінәсіз деп тапты
Орал соты Қылмыстық кодекстің 297 бабы, 3 тармағының 3-бабы бойынша жеті жылға соттаған азамат кінәсіз болып шықты. Апелляциялық сот та азаматты кінәлі деп тапқанымен, Кассациялық сот оны жазадан босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық қорғау органдары бұл азаматтың ісін егжей-тегжейіне дейін зерттемеген. Әсіресе, Кассациялық сот хабарлағандай, тергеу хаттамасы мен бейнежазбадағы мәліметтер бір-бірінен мүлде бөлек болған.
«Хаттамада «ол азаматтан есірткі салынған 21 орама табылды» деп жазылған. Алайда, бейнежазбада ол 21 орама есірткі жоқ», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Осы және өзге де мәселелерді ескерген Кассациялық сот азаматты толық ақтап, сот залынан босатты. Осы уақытқа дейін азамат кінәсіз түрмеде отырғандықтан, ол мемлекеттен өтемақы талап ете алады.