«Ол болмағанда, баланы алып қашар еді»: Таразда 13 жасар қызды кім құтқарғаны белгілі болды (ВИДЕО)
Ол бүгін полицияның қолынан марапат алды
Бүгін Жамбыл облысы полиция департаментің басшысы Қайсар Сұлтанбаев бірнеше күн бұрын Таразда 13 жастағы қызды құтқарып қалған ер адамға ішкі істер министрінің алғыс хатын табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, Тараз қаласының Нұркен Омаров оқиға болтын күні аялдаманың жанында тұрған. Кенет аялдама жанына тоқтаған көліктен екі жігіт түсіп, автобус күтіп тұрған кішкентай қызды күшпен машинаға салып, алып кеткен болған.
«Нұркен Омаров жағдайға бей-жай қарамай, іске араласқан соң, күдіктілер ұызды ұрлай алмаған. Облыстық полиция департаментінің басшысы Нұркен Омаровқа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғысын білдірді», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, күдіктілердің жеке басы анықталған. Оларды полиция ұстап, тергеу бастаған.