Талғар ауданында мұғалім «тәртіпсіз» оқушының үстінен арыз жазған - олардың ісі сотта қаралды
Іс сотта қаралды
Алматы облысында мұғалім сыныпта тәртіпсіздік жасаған оқушының үстінен арыз жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, кәмелетке толмаған 11 сынып оқушысы физика сабағы кезінде дәртханаға шыққысы келген. Ол бір шеті қабырғаға тиіп тұратын партада отырған, сондықтан жанындағы сыныптасынан өткізіп жіберуді сұраған. Алайда көршісі орнынан тұрмай қойған. Содан соң жасөспірім партаның үстінен секіріп өткен. Дәретханадан келген соң, аяқ киіммен бүлдірген партасын сүртіп, ұстаздан кешірім сұраған.
Мұғалім оқушыны дәретханаға жібермегенін, оның партаның үстін басып шығып кеткенін, кейін қайта оралғанын, сондай-ақ оқушының балағат сөздер айтпағанын растады. Сот
Талғар аудандық соты жасөспірімді жазадан босату туралы шешім қабылдаған.
«Сот кәмелетке толмаған А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатты. Заң бұзушылықтар фактісі бойынша Алматы облысының Полиция департаменті мен Талғар ауданының Полиция басқармасы басшылығының атына жеке қаулы шығарылды», - делінген хабарламада.