19.02.2026, 11:35
Оқиғалар
Шортанды ауданында Қытай азаматтары қалың қарға батып қалған (ВИДЕО)
Оларды облыстың құтқарушылары құтқарған
Фото: скриншот
Ақмола облысы Шортанды ауданы аумағында, Жолымбет ауылынан 50 шақырым жерде бір автокөликпен келе жатқан Қытай Халық Республикасының екі азаматы төтенше жағдайға тап болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың көлігі қалың қарға батып, шыға алмай қалған.
«Ауа райының қолайсыздығы мен қалың қарға қарамастан, құтқарушылар Қытай азаматтарының көлігін жолға шығарып, өздерін құтқарған. Екі азамат дәрігердің көмегіне жүгінген жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ.
Облыстың төтенше жағдайлар департаменті жолға шықпастан бұрын ауа райының болжамына назар аударуға шақырды.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
