«Эльза» есімді ит тапты»: «КамАЗ» жүргізушісі Атыраудағы түрмеге «жасыл шөп» алып кірмек болған (ВИДЕО)
Ит үре бастағаннан кейін Ұлттық ұлан сарбаздары көлікті түгел тінтіп қойған
Ұлттық ұланның «Батыс» өңіріндегі 5546 әскери бөлімшесінің сарбаздары Атыраудағы түрмеге есірткі алып кірмек болған «КамАЗ» жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға 2026 жылы 17 ақпанда сағат 14:05 шамасында мекеменің автокөліктік бақылау-өткізу пунктінде болды. Келіп-кететін көліктерді тексеретін қызметкерлер «КамАЗ» маркалы автокөлікке кешенді тексеру жүргізді. Тексеру кезінде «Эльза» есімді қызметтік ит шөптің иісін сезіп, үре бастаған. Сондықтан, сарбаздар көлікті түгел тінтіп шығып, есірткі тапқан», - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Ұлттық ұлан ефрейтор Нұрасыл Әбдреш пен кинолог-маман қатардағы Алмат Дүйсеновтің қырағылығын ерекше атап өткен.