ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды

Атырауда мас жүргізушінің көлігінен қару табылды

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлер қару тасымалдаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Патрульдік полиция қызметкерлері Алмагүл ықшам ауданында «Mitsubishi Lanser» көлігін тоқтату кезінде, көлік жүргізушісі заңды талапқа бағынбай, ізін суытпақ болған. Тексеру барысында жүргізушінің мас екені анықталып, көлігінен шолақ мылтық табылды», - деп жазылған хабарламада.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» және ҚР ҚК 287-баптың 3-бөлігі «Атыс қаруын, оқ-дәрілерді жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.