$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2020, 03:25
Оқиғалар

Алматы облысында үйінен заңсыз дәріхана ашып алған тұрғын ұсталды

63 жастағы тұрғын дәрінің 60-тан астам түрін сатқан

Алматы облысында үйінен заңсыз дәріхана ашып алған тұрғын ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында пәтерінде заңсыз дәрі-дәрмек сатқан тұрғын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

63 жастағы облыс тұрғыны дәрі-дәрмекті жергілікті дәріханалардан алып, үйінде қымбатқа сатып жүрген. Оның бұл кәсіппен айналысуға бірде-бір рұқсат қағазы болмаған. Ол үйінде отырып дәрі-дәрмектің 60 түрін сатқан.

«Кербұлақ ауданы Алтын Емел ауылының 63 жастағы тұрғыны үйінде дәріхана жайғастырған. Аталмыш орын заңға қайшы жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр», - дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Оның айтуынша, осыған ұқсас деректер дәрі-дәрмек нарығына кері әсерін тигізеді. Атап айтқанда, дәрі тапшылығын тудырып, бағаны көтереді.

Серіктес жаңалықтары