Сәпиев пен орынбасарының «төбелесі» облыс әкімінің құлағына жеткен
Ермағанбет Бөлекпаев мәселеге қатысты пікір білдірген
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы дау туралы өз ойын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Облыс әкімі бұл мәселеге «асығыс баға беруге болмайтынын және асыға қорытынды шығаруға» болмайтынын айтқан.
«Тәртіп бұзушылық бар, және ол үшін жауапкершілік те болуы тиіс. Сонымен қатар заң талаптарына сәйкес, жұмыс та тоқтамау керек. Бұл жөнінде біз бұған дейін де ашық мәлімдегенбіз және тағы да қайталап өтемін: аталған жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазір осы факт бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі, – деген ол бүгін әкімдікте өткен жиында.
Бөлекбаев кез келген мемлекеттік қызметші жұмысына қатысты даулы мәселені тек заң аясында шешуі керек дейді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың басқарма ішінде төбелескен видеосы тараған еді.