«Таяқ жемеген»: Сәпиев пен орынбасарының бір-бірін қуып жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)
Желіде кикілжіңнің видеосы тарады
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтің арасында төбелес болған. Блогер Айсұлтан Жақыпов оқиғаның видеосын жариялап, желіде жазылып жатқандай, Серік Сәпиев таяқ жемегенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жақыпов сөзінің дәлелі ретінде ғимарат ішіндегі камераның видеосын жариялап, басшысы мен орынбасары сөзге келіп қалғанын айтқан.
«Серік Сәпиев таяқ жемеген! Сондай-ақ, өзі де біреуді сабап жібермеген. Жұмыс барысында орынбасарымен келіспей қалған. Иық қағысып қалғанға ұқсайды. Серіктің бет-аузы сау кіріп, сау шыққан видеосы бар», - дейді ол видеоны жариялай отырып.
Оның айтуынша, «ешкімнің басы жарылып, қолы сынбаған».
«Осы екі ортада полиция шақырылған секілді. Іште қалатын кикілжің сыртқа осылай шығып кеткен», - деп жазады блогер.