23.01.2026, 12:13
Оқиғалар
Шұғыл: Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағандыда өзінің орынбасарымен төбелескен
Полиция қылмыстық іс қозғады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов төбелесіп қалған. Осы факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Редакциямызға облыстың полиция департаменті мәлім еткендей, Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғыны таяқ жегені туралы арыз жазған.
«Анықталғандай, 21 қаңтар күні Қарағандыдағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам төбелесіп қалған. Қаланың 42 жастағы тұрғыны соққыға жығылғаны туралы арыз жазған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бұл лауазымға 2024 жылдың қарашасында келген болатын.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды