$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бес жасымда ағам зорлады»: әзілкеш Анар Бекет бала күніндегі қорлықты ашық айтып берген

Оқырмандар оған жылы сөзін арнап жатыр 

«Бес жасымда ағам зорлады»: әзілкеш Анар Бекет бала күніндегі қорлықты ашық айтып берген
Фото: @anarbeket

Қазақстандық стендап-комик Анар Бекет кішкентай күнінде зорлаған ағасының фотосын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анар Бекеттің айтуынша, 17 жастағы туысы оны бес жасында зорлаған.

«Мен Павлодар қаласында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем электрик, анам үй шаруасындағы әйел болды. 90-жылдары ата-анам балаларды асырау үшін тіршілік қылып, бізді көбіне ата-әжемнің қасына тастап кететін. Мен әлжуаз бала болдым, сол үшін балабақшаға бармайтын едім. Сол күндердің бірінде ата-әжем шаруаларымен шығып кетті, мені 17 жастағы ағамның қарауына қалдырды. Мен ештеңенің байыбына бармайтын сәби едім», - деді ол.

Сондай күндердің бірінде кішкентай қыздың бойынан гинекологиялық проблемалар көріне бастағанда ғана ата-анасы дабыл қаққан. 

«Содан кейін мені ата-анам гинекологқа көрсетті. Менен сұйықтық бөлініп, қажалу белгілері болған. Біздің миымыз қорлық көрген сәттерімізді жауып тастайды. Менің есіме еміс-еміс біртүрлі нәрселер түсетін. Кейін психологқа барып, анамнан сол кездегі жағдайларды сұрап, зорланғанымды ұқтым», - деді ол.

Анар Бекет ата-аналардан балаларын ешкімге сеніп тапсырмауды сұрады.

«Бүкіл ата-анаға баланың бойындағы кез-келген өзгеріске назар салуын сұраймын. Оларды тыңдаңыздар», - деді ол.