20.01.2026, 10:36
Оқиғалар
«Рульде отырып, ұйықтап кеткен»: Астана маңында жүк көлігі бетонға соғылған (ВИДЕО)
«ҚазАвтоЖол» апаттың видеосын ұсынды
Фото: скриншот
Бүгін, 20 қаңтар таңғы сағат 09:00 шамасында Астана – Щучинск автожолы бойындағы «Астана» ақы алу пунктінде жүк көлігі қоршауға соғылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі таратқан алдын ала ақпаратқа сүйенсек, жүргізуші рульде ұйықтап кеткен.
«Қысқы маусымда жол үстіндегі тәртіп пен мұқият болудың маңызы арта түсетіні белгілі. Ұзақ сапар, шаршау, ұйқының қанбауы – жүргізушінің зейінін әлсіретіп, күтпеген жағдайға ұрындыруы мүмкін», - дейді компания өкілдері.
Сондықтан, жол мамандары ұзақ жолға шыққан жүргізушілер әр 2-3 сағат сайын тоқтап, демалу керек деген кеңес айтады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды