06.01.2026, 13:35
Оқиғалар
Дала алай-дүлей: Астана әуежайында рейстер кешігіп, қаладан шығатын жолдар жабылды
Әуежайдан ұшатын және қонатын ұшақтар уақытша кешігіп жатыр
Фото: Астана халықаралық әуежайы
Астанадағы боранға байланысты қала әуежайында 12 рейс кешігіп, қаладан шығатын екі тас жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана халықаралық әуежайының мәліметіне сүйенсек, әуежайға қонуы керек 7 рейс кешігіп жатыр. Түркістаннан Астанаға қарай ұшуы тиіс бір рейс жабылған. Қаладан басқа жақтарға ұшып шығатын 5 рейстің де уақыты шегерілген.
Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметіне сүйенсек, Астана қаласынан Ақмола облысы мен Павлодар облыстарына шығатын тас жолдар кешкі сағат 18.00-ге дейін жабылған.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 10:08
«Қызы тастап кеткен бе?»: Атырауда бозбала түнде шу шығарып, ағаштарды сындырды (ВИДЕО)
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды