06.01.2026, 13:15
Оқиғалар
«Алтын сатып, шетелге жіберемін»: Шымкентте 80 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел ұсталды (ВИДЕО)
Полиция оған халықаралық іздеу жариялаған
Шымкент қаласының полициясы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйенсек, ол Шымкентте бірнеше адамды алдаған. Атап айтсақ, алтын сататын кәсіпкердің сеніміне кіріп, қымбат бұйымдарын алған. Кейбір азаматтарға шетелге тиімді бағада саяхат ұсынып, алдын ала ақша алып алған. Жалпы, адамдарға келген шығын көлемі 80 млн теңге.
«Аталған жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды полиция.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды