22.12.2025, 11:56
Оқиғалар
Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі үйінде өлі табылды
Еркін Далмағамбетов 46 жаста болатын
Фото: gov.kz
Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің денесі табылды. Өңірдің полиция департаменті суицид туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
46 жастағы әкімнің денесі үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы