Жезқазғанда екінші рет мас күйде көлік жүргізген жігіт түрмеге қамалды
Ол бір жыл бас бостандығынан айырылды
Жезқазған қаласында екінші рет мас күйінде көлік айдаған жігіт бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған дейін бұл азамат көлік жүргізу құқығынан айырылған. Екінші рет қолға түскен оны сот түрмеге қамады.
«Бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Жезқазған қаласының тұрғыны автокөлікті қайтадан алкогольдік масаң күйде басқарып жүрген жерінен полицияның қолына түсті. Сот оны кінәлі деп танып, оны 1 жылға соттады», - деп хабарлайды прокуратура.
Прокуратура азаматтарды мас күйінде көлік құралдарын басқаруға жол бермеуге шақырады, себебі мұндай әрекеттер адамдардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіріп, қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.