18.12.2025, 14:00
Оқиғалар
«Он шақырым жерден табылды»: полиция Ырғызда адасып кеткен әжені зембілге салып әкелді (ВИДЕО)
Абырой болғанда, 73 жастағы әжені үсік шалмаған
Фото: скриншот
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында тұратын 73 жастағы әже үйінен шығып кетіп, жақындарына оралмаған. Дәл сол күні аймақта боран соғып, аяз түсе бастаған болатын, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ырғыз полициясы ауа райын ескере отырып жоғалған адамды дереу іздей бастаған. Бір сағаттан кейін 73 жастағы қария аудан орталығынан он шақырым жерден табылыпты.
«Күн 18 градус суық болғанына қарамастан, әжені үсік шалмаған. Дегенмен, полиция жоғалған қарияны ауруханаға дейін зембілге салып әкелген», - деп хабарлайды Ырғыз полициясы.
Қазір қарияның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы