18.12.2025, 12:14
Оқиғалар
Қазақстанда төрт күн ішінде тас жолдар 177 рет жабылған (ВИДЕО)
«ҚазАвтоЖол» себебін түсіндірді
Фото: depositphotos.com
Желтоқсанның 12-16-сы аралығында Қазақстанның барлық тас жолдарында 177 рет шектеу енген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы бұл шектеулер ең әуелі жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін енгенін түсіндіріп отыр. Өйткені, бұл күндері елімізде ауа райы нашарлап, жел соққан, жолдарда көктайғақ орнаған.
«12-16 желтоқсан аралығында 177 рет уақытша шектеу енген. Былтыр бұл уақытта жолдар 39 рет қана жабылған еді. Кейбір күндері бір аймақта қатарынан бірнеше жол жабылды», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
Дереккөзге сүйенсек, тас жолдарды жабу немесе ашу туралы мәселені Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірге ауа райын ескере отырып шешеді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы