$ 513.55  602.09  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Синоптиктер бүгін қай жерде 50 градус аяз болатынын айтты

Құтқару қызметі тұрғындар мен жүргізушілерді сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды 

Синоптиктер бүгін қай жерде 50 градус аяз болатынын айтты
Фото: iStockphoto

Синоптиктердің болжауынша, бүгін түнде Якутия аумағында ауа температурасы -50 градустан төмен түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Комсомольская правда» - Якутия басылымы жазғандай, Саха республикасының басым бөлігінде – 43 пен –48 градус аралығында аяз болады, ал ойпаң жерлерде –48-ден –53 градусқа дейін төмендейді. Күндіз – 41– 46 градус шамасында суық болады. Тек солтүстік-батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы – 38 – 43 градусқа дейін көтеріледі.

Жауын-шашын аз жауады, Колыма өңірі мен Арктика жағалауында орташа қалыңдықта қар түсуі мүмкін. Республика орталығы мен батысында қатты аязбен қатар, тұман түседі. Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында жел күшейіп, екпіні секундына 9–14 метрге дейін жетеді.

Құтқару қызметі тұрғындар мен жүргізушілерді сақтық шараларын қатаң сақтауға, жылы киінуге және ауа райы туралы ресми ескертулерді назарда ұстауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары