$ 542.8  637.84  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда егін орағы кезінде  24 млн тонна астық жиналады - үкімет болжамы

Орташа өнімділік гектарына – 15,2 центнер

Қазақстанда егін орағы кезінде  24 млн тонна астық жиналады - үкімет болжамы
Фото: istockphoto.com

Республика бойынша егін алқабының 63,7 пайызы жиналған, 15,5 млн тонна астық қамбаға құйылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір елімізде жаппай егін жинау науқаны жүріп жатыр, ал оңтүстік өңірлерде аяқталуға жақын.

«Үкімет тарапынан жеңілдетілген қаржыландырудың қажетті жағдайлары жасалып, қолайлы ауа райының арқасында вегетациялық кезең сәтті өтті. Жалпы егін жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрайды, оның ішінде 16 млн гектардан астамы – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Егін жинау жұмыстары уақытылы басталып, өткен жылмен салыстырғанда қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда республика бойынша жалпы егін жинау алаңының 63,7%-ы жиналды, орташа өнімділік гектарына 15,2 центнерді құрады. 15,5 млн тонна астық қамбаға құйылды», - деді Сапаров Үкімет отырысында.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, астық бойынша болжам 24 млн тонна деңгейінде күтіліп отыр. Бұл ішкі нарықтың азық-түлік, жем-шөп, тұқымдық қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді, дейді министр.

«Бұл ретте, астықты теңіз порттарына экспорттау кезіндегі шығындарды өтеуге субсидиялау мерзімін ұзарту – астықты жаңа нарықтарға шығаруға ықпал етеді. Қазірдің өзінде 700 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Биыл майлы дақыл тұқымынан шамамен 4 млн тонна өнім күтілуде, бұл рекордтық көлем болады», - деді Сапаров.

Сонымен қатар, 1,8 млн тонна картоп, 2,9 млн тонна көкөніс, 2,2 млн тонна бақша өнімдері жиналған.

Серіктес жаңалықтары