$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан үкіметі ең төменгі жалақыны көтеруден бас тартты

Әзірге мұндай жоспарымызда жоқ, дейді Жұманғарин 

Қазақстан үкіметі ең төменгі жалақыны көтеруден бас тартты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтерілмейді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әзірге ең төменгі жалақыны көтеру жоспарымызда жоқ. Қазір оның мөлшері – 85 мың теңге. Ең төменгі жалақыны ұлғайту мәселесін қарастырған жоқпыз», - деді Жұманғарин Үкіметте басталған баспасөз мәслихатында.

Ал қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, ең төменгі жалақы бойынша есептеулер жүргізілген.

«Көрсеткіштерді қарасақ, орташа мөлшері, ең төменгісі 90 мың теңге шамасында болуы керек. Бірақ қазіргі жағдайды ескеріп, біз осы деңгейде қалдырамыз», - деді Тәкиев.

Министр әлеуметтік қолдау шаралары толығымен қайта қаралатынын атап өтті. Қазір Үкіметте бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

Естеріңізге салайық, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2026 жылы ең төменгі жалақы өсуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары