$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еңбек нарығына сай маман даярлау басты міндет – Олжас Бектенов

Бектено колледждерге бөлінген 150 мың грант туралы пікірін білдірді

Еңбек нарығына сай маман даярлау басты міндет – Олжас Бектенов
Фото: gov.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа оқу жылы қарсаңында колледждер мен жоғары оқу орындарының дайындығына ерекше тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына 150 мыңға жуық студент қабылданады.

Премьер-министрдің айтуынша, колледждер кәсіпорындармен дуальды оқыту, қамқорлыққа алу және өндірістік тәжірибе арқылы тығыз байланыс орнатуы тиіс.

«Әрбір студент еңбек нарығының талаптарына сай нақты кәсіби дағдыларға ие болуы керек», – деді ол.

Сондай-ақ, Бектенов жоғары оқу орындарында инфрақұрылым мен жатақхана жағдайымен қатар, оқу бағдарламаларын да заман талабына бейімдеуді тапсырды. Әсіресе инженерлік, IT, педагогикалық және медициналық мамандықтарға басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары